Түркістан облысының Сайрам ауданы аумағындағы Машат ауылында орналасқан Машат өзені бойында суға кеткен 2024 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала деректерге сүйенсек, 31 наурыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында 2 жасар бала ойнап жүріп, абайсызда суға құлап, батып кеткен.
Қазіргі таңда іздестіру шараларына Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полиция, прокуратура, жедел жәрдем бригадалары, жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ марқұмның туыстары мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған.
Жалпы іздеу жұмыстарына 250-ге жуық адам, 14 техника, 2 жүзу құралы, бір кинологиялық топ, ұшқышсыз ұшу аппараты және спутниктік байланыс құрылғысы тартылды.
Құтқарушылар дрон көмегімен шамамен 1 шақырым аумақты бақылап шыққан. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.