Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге не үшін нота жолдады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қашып кетті”: Қызылордада көлік қағып кеткен 5 айлық сәби көз жұмды, анасы комада жатыр

“Қашып кетті”: Қызылордада көлік қағып кеткен 5 айлық сәби көз жұмды, анасы комада жатыр
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 13 қазанда сағат 17:10 шамасында Құттықожа көшесіндегі №111 үйдің маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Mitsubishi Lancer Sedan автокөлігінің жүргізушісі кішкентай баласын ерткен әйелді қағып, тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалған.

Қызылордада жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған нәресте ауруханада қайтыс болды. Баласымен бірге жолда келе жатқан әйелді көлікпен қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Көлік тізгінінде 2000 жылы туған Алексей Александрович Великов болғаны хабарланды. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Жол апатынан зардап шеккен әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйегі, қабырғалары мен жамбас сүйегі зақымданып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Әйелдің жанында болған ұлы 2026 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. Нәресте басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.