Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды – Тоқаев

Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы үкіметке бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су астында қалған ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге уәде берді.

"Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Еске сал кетейік, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Келесі күні, 2 мамырда Қазақстанның Мақтаарал ауданындағы шекара коллекторы суға толды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Өзбекстан президентіне телефон соқты 

2 мамырдан бастап 14 елді мекеннен 31,6 мың тұрғын эвакуацияланды.  

Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын 404 миллион теңгеге немесе 955 мың долларға бағаланып отыр.

5 мамырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккендердің барлығына толық көлемде өтемақы төленеді деп мәлімдеді.


sputniknews.kz
Автор
Данияр