Түркістан облысындағы үш қыздың оқиғасы: Өгей ананың өз ұлы балалар үйіне жіберілді - Қазақстан жаңалықтары
22 сәуір, 2019
Түркістан облысында өгей қыздарына қорлық көрсетті деп күдіктеліп отырған әйелдің бір жарым жасар ұлы балалар үйіне жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Сурет: Көрнекі сурет
Білім беру басқармасының мәліметінше, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау үшін белгілі шаралар қабылданған.
«20 сәуірде кәмелет жасқа толмаған үш апалы-сіңлілі Шымкенттегі «Кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды. Сол отбасындағы бір жарым жасар бала Шымкенттегі «Мамандандырылған балалар үйіне» жіберілді», - делінеді хабарламада.