KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында тойда ән салып тұрған әншіні экс-қайын атасы ұрып жіберді: іске қатысты тың мәлімет жарияланды

Torgyn Abushakhman

Түркістан облысында той үстінде ән салып тұрған өнерпазды экс-қайын атасы соққыға жыққан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиғаға байланысты облыстық Полиция департаменті жауап берді.

Ведомство мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Денеге қасақана жеңіл зиян келтіру" бабымен (яғни, "ұрып-соғу" дерегі) қылмыстық іс қозғалған. Күдікті тұлға анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Полиция кез келген заңсыз әрекет үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салады», – делінген Полиция департаментінің ресми жауабында.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видеода тойда ән айтып тұрған әншіні белгісіз ер адамның (кейін оның экс-қайын атасы екені белгілі болды) соққыға жыққаны түсірілген. Бұл жағдай қоғамда кең резонанс тудырды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары