«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында полицейлерге пара бермек болған шетелдік ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында полицейлерге пара бермек болған шетелдік ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысы Жетісай қаласында Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне пара беруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жетісай қаласының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған "Ауди" маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Полицейлер жүргізушіге қатысты ЖҚЕ бұзғаны және тиісті құжаттарсыз автокөлікті басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыра бастаған. Осы уақытта тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында полиция қызметкеріне 10 мың теңге пара ұсынған. Аталған жайт видеоға түсіп қалған. 

Тәртіп сақшылары күдіктіні сол жерде ұстап, Жетісай ауданының полиция бөлімшесіне алып барған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің "Пара беру" бабы бойынша тергеу басталды.

Күдікті өз әрекетін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


stan.kz
Автор
Данияр