Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында кәмелетке толмаған 16 қыз ағалары мен туыстарынан бала туған – Зәкиева

Түркістан облысында кәмелетке толмаған 16 қыз ағалары мен туыстарынан бала туған – Зәкиева

Бұл қыздардың жасы 13 пен 15 жас аралығында



Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Сенатта өткен «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау және ерте жүкті болу фактілерінің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Сөз алған ол Түркістан облысындағы сұмдық мәліметті жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 



Оның айтуынша, қазір кішкентай қыздарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық Қазақстан мен өзге елдердің де өзекті әлеуметтік проблемасына айналған.

«Жұмысым осы болған соң мен зорлық көрген балалармен кездесемін, сөйлесемін. Мысалы, жуырда мен Түркістан облысындағы бір орталыққа бардым. Ол орталықта жастары 13 пен 15 аралығындағы 16 қыз тұрады, бәрі босанған. Олар өз ағаларының, көкелері мен туыстарының тарапынан зорлыққа ұшыраған», - дейді Зәкиева.

Олармен сөйлескен Закиева қыздардың жанақайын естіп, жағасын ұстағанын айтады.
«Қыздардың көбі өздері зорланып жатқанын, қылмысқа ұшырап жатқанын білген жоқпыз деген. Өйткені, бүкіл отбасыдағы балалар осылай өмір сүреді деп ойлаған екен. Олар бастан кешіп жатқан қасіреттерін ата-анасына, жақындарына, мектептің психологына айта алмаған», - дейді Зәкиева.




Автор
Данияр

Журналист