ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында аудан әкімі төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында аудан әкімі төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған - Қазақстан жаңалықтары

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай саунада жүргені түсірілген видео тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы төтенше жағдайға қарамастан аудан әкімі саунада демалуды жөн көріпті. Видеода шенеуніктің жанында аудан әкімдігінің басқа да лауазымды тұлғалары бар көрінеді. Бейнежазба 15 сәуірде түсірілген көрінеді. Ең қызығы, сауна сүюшілер ол жаққа қызметтік көлікпен барыпты. 

Қазіргі таңда облысы басшылығы аталған жайт бойынша пікір білдірмепті.

Жергілікті ПД өкілдерінің мәліметінше, тәртіп сақшылары саунаға теріс діни ағым өкілдері жиналуда дегеннен кейін барыпты. Ал сауық құрған шенеуніктердің әрекетінде карантинді бұзу жоқ депті. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде саунада сауық құрған шенділердің видеосы тараған болатын. 
 


stan.kz
Автор
Данияр