Алматылық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Атыраулық хакер» атанған күдікті Түркияда ұсталды

«Атыраулық хакер» атанған күдікті Түркияда ұсталды
Фото: Жасанды интеллект / Kznews.kz

Әлеуметтік желіде «Атыраудың хакері» деген атпен танылған Атырау облысының тұрғыны Түркия аумағында қолға түсті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Операция Самсун қаласында жүргізілген. Күдіктіні Интерпол қызметкерлері ұстағаны белгілі болды.

Бұған дейін полиция бұл азаматтың бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеген еді. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы — «Алаяқтық» бойынша іс қозғалған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Құрманғазы ауданының тұрғыны өзін әртүрлі қызмет көрсетуші ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған. Атап айтқанда, ол инвестицияға ақша салдыру, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашып беру, қаражат шешуге көмектесу және техника сату секілді уәделермен адамдардың сеніміне кірген. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын көлемі 13 миллион теңгеден асқан.

Қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ол халықаралық іздеуге жарияланған.

— Күдікті халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Ақпан айында ол Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы күдіктіні экстрадициялау туралы сұрау салуды әзірлеу үшін тиісті өтініш жолдады, — деп хабарлады облыстық прокуратура.

Айта кетейік, бұл азамат бұған дейін Атырау облысындағы бір отбасының жоғалып кетуіне байланысты резонансты оқиғадан кейін әлеуметтік желіде кеңінен танылған. Сол кезде интернетте оның өзін «Атыраудың хакерімін» деп таныстырып, істі өз бетінше зерттеп жүргенін айтқан видеолары тараған.

Желіде жариялаған материалдарында ол болжамды геолокациялар, телефон байланыстары мен өзге де деректерді көрсеткен. Бұл видеолар Instagram-да тез тарап, қоғам арасында қызу талқыға түскен еді.

Сондай-ақ, ол бұған дейін Қазақстаннан тыс жерде жүргенін айтып, Дубайда тұрып жатқанын да мәлімдеген болатын.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер