77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда 9 адамды өлтірген 14 жастағы қылмыскерге қатысты оның мұғалімі пікір білдірді

Түркияда 9 адамды өлтірген 14 жастағы қылмыскерге қатысты оның мұғалімі пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болуда. 9 адамның өмірін қиған шабуылға күдікті 14 жастағы Иса Арас Мерсинли туралы оның мұғалімі пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Педагогтың айтуынша, жасөспірім сабақты тұрақты түрде қатысқанымен, оқу процесіне белсенді араласпаған. Ол көбіне партаға басын қойып, ұзақ уақыт бойы бір нәрсені шимайлап немесе жазумен айналысқан. Мұғалім оның осы әдеті ерекше көзге түсетінін атап өткен.

Сондай-ақ, күдіктінің достары аз болғаны, үзіліс кезінде қатарластарынан бөлек жүріп, көбіне жалғыз уақыт өткізгені айтылды. Оның тұйық мінезі мен қоғамнан оқшаулануы айналасындағыларға да байқалған.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің қатыгез ойындарға әуестігі туралы ақпарат тарағанымен, бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталмаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша тергеуді жалғастырып, оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.