Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда өршіген орман өрттері жүздеген адамды эвакуациялауға мәжбүр етті

Түркияда өршіген орман өрттері жүздеген адамды эвакуациялауға мәжбүр етті
Фото: Анадолу

Бурса провинциясының Гюрсу ауданында, TOKİ тұрғын үй кешені мен Кестелдегі Аглашан ауылы арасында тұтанған өрт қатты жел салдарынан жылдам тарап, Карахыдыр, Игдир және Авданджык ауылдарының тұрғындарын эвакуациялауға себеп болды. Орханели ауданындағы Якуплар елді мекеніндегі өрттің беті қайтарылып, толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Ушак провинциясының Сиваслы ауданында дуб орманында шыққан өрт Кетенлик пен Эриджи ауылдарына таралып, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандары жанып кетті. Мұнда да жүздеген адам эвакуацияланды.

Мерсин облысының Силифке ауданындағы Чадырлы елді мекенінде де орман өрті тіркеліп, Бахчедереси ауылындағы бірнеше үйге зақым келді. Қазіргі таңда өрт ауыздықталғанымен, аймақ тұрғындары елеулі материалдық шығынға ұшыраған.

Қахраманмараштағы Чамлыбель орманындағы өртті сөндіруге көршілес провинциялардан арнайы бөлімшелер тартылса, Диярбакыр облысының Лидже ауданындағы Дуру елді мекенінде шыққан өрт бірнеше сағаттық күрестен кейін тоқтатылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, кемінде 35 гектар орман алқабы жойылған.

Түркия билігі барлық жедел қызметтерді жұмылдырып, AFAD үйлестіруімен орман өрттерін сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Ел үкіметі апаттың алдын алу және зардаптарын жою мақсатында арнайы шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.