Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркі елдерінің көшбасшылары Ясауи кесенесінде тағзым етті

Түркі елдерінің көшбасшылары Ясауи кесенесінде тағзым етті
Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттерінің президенттері Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы барып, рухани мұраға құрмет көрсетті. Мемлекет басшылары тарихи жәдігерлермен танысып, түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын дәріптеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Түркістан төрі тағы бір мәрте түркі дүниесінің рухани орталығына айналды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи кешенде мемлекеттер басшылары ұлы ойшыл әрі сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің рухына тағзым жасап, кесене аумағында жерленген тарихи тұлғаларды еске алды.

Мәртебелі меймандарға XIV ғасырдың соңында Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған кесененің сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды. Ғимараттың 35 бөлмеден тұратыны, ішкі биіктігі 39 метр, сыртқы биіктігі 41 метр екені айтылды.

Президенттер қабірхана, қазандық, әйгілі Тайқазан мен қола лауханы аралап көрді. Сонымен қатар көрмеге қойылған сирек қолжазбалар мен көне еңбектер де ерекше назар аудартты. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикметі», Низамидің «Хамсасы», Фирдоусидің «Шахнамасы», Физулидің «Ләйлі мен Мәжнүні» және «Манас» жырының үзінділері бар.

Сапар барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған кесенеге османдық атақты каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолымен жазылған Құран кітабын тарту етті. Бұл сый рухани байланыстардың тереңдігін айшықтай түсті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.