Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады: 13 адам қаза тапты

Туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады: 13 адам қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Перудің Наска геоглифтері орналасқан аумақта туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz ult.kz-ке сілтеме жасап.

Reuters агенттігі Перу билігіне сілтеме жасап, әуе апатынан көз жұмғандар арасында Италия, Испания және Германия азаматтары, сондай-ақ ұшақ экипажының екі мүшесі болғанын хабарлады.

Cessna Caravan ұшағы Наска геоглифтерінен шамамен 19 шақырым жердегі Сокос елді мекенінің маңына құлаған. Әуе кемесі Перудің Aerodiana әуе компаниясына тиесілі болған.

Ұшақ туристерге Наска геоглифтерін биіктен тамашалауға мүмкіндік беретін экскурсиялық рейс орындаған. Әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін шамамен 50 минут өткен соң экипаж Наска әуежайының диспетчерлік қызметіне төтенше жағдай болғанын хабарлаған.

Алайда көп ұзамай ұшақ экипажымен байланыс үзілген. Кейін әуе кемесінің апатқа ұшырағаны ресми түрде расталды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер