Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты
Ан-2 ұшағы. Фото: t.me/kerekpv

Павлодар облысында авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізіп келе жатқан Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыштардың бірі қаза тапты. Ал екінші ұшқыш аман, оны кабинадан құтқарушылар шығарды, , деп хабарлайды kznews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, Ан-2 ұшағы 27 мамырда Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында апатқа ұшырады.

Ұшақ "Жеңіл және аса жеңіл авиация операторлары" заңды тұлғалар одағына тиесілі, ол авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізіп келе жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу барысында ұшақ электр желісін іліп кетіп, құлаған.

Бортта екі экипаж мүшесі болған. Ұшқыштардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқышты төтенше жағдайлар қызметі ұшақтан шығарды. Ол есінен танбаған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиғаны тергеумен Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті айналысады. Департамент қызметкерлері оқиға орнына жіберілді", - деп хабарлады ведомсвто өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.