Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық туристер мінген автобус Ыстықкөлде жыраға түсіп кетті – фото

Қазақстандық туристер мінген автобус Ыстықкөлде жыраға түсіп кетті – фото

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан азаматтары мінген автобус Ыстықкөл ауданында трассадан жыраға ұшып түсті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан аудандық ішкі істер бөліміне сілтеме жасап.

Оқиға 12 тамызға қараған түні Тамшы ауылының маңында болған.

© Photo : фото очевидца, отправленное по WhatsApp

Ыстықкөлде тасжолдан ұшып түскен қазақстандық туристердің автобусы

"Қазақстандық туристер мінген автобус Бостеріден (Ыстықкөлдің жағалауындағы курорттық ауыл – Sputnik) келе жатып, Lexu көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады аудандық ішкі істер бөлімі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елдің барлық азаматы межелі жерге басқа автобуспен жеткізілгенін айтты. Олардың бәрі демалысын жалғастыруда, деп сендірді дипломатиялық ведомство.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді

Шілде айында Ыстықкөлде қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетіп, құтқарушылар екі күн бойы іздеген еді. Оның жалға алған скутері суға батып кетіп, жағалауға дейін бірнеше шақырым жүзуге мәжбүр болғаны анықталды.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр