ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрғын үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

Тұрғын үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

Алматыдағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі балалар арбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы мәліметінше, «Жас қанат» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде кіреберісте тұрған балалар арбасына дәрет сындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған ер адамның жеке басы анықталды. Оның іс материалдары сотқа жолданған.

«Видео резонанс тудырды. Біз бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны мұқият зерттедік. Айыпталушы ол ауданның тұрғыны емес екен. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. 44 жастағы ер адам «Саяхат» автовокзалы ауданында пәтер жалдап тұрады», - деді Түрксіб аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

Ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Заңсыз әрекет жасаған кезінде ол мас күйінде болғанын айтқан.

Әкімшілік іс жүргізу материалдары «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілетін болады.

Автор
Нұрсұлтан