KZNews.kz
Жаңалықтар

Тұншықтыру белгілері жоқ: Атыраудағы трагедия жайлы жаңа мәлімет

Қайсар Қанат
smartnews.kz коллажы

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет Kursiv Media Kz YouTube арнасына берген сұхбатында үйінен мәйіті табылған ерлі-зайыптының өліміне байланысты тергеу барысын түсіндірді. Оның айтуынша, марқұмдардың денесінде пышақпен салынған, яғни шаншып-кесілген жарақат белгілері анықталған.

"Алайда тұншықтыру іздері жоқ. Дегенмен де өлімнің нақты себебін анықтап, нақты уақытын белгілеу үшін мүрделер экспертизаға ұсынылды. Экспертизаның шешіміне сәйкес полиция алдағы уақытта нақты осы ерлі-зайыптының өліміне қатысты деректерді ұсынатын болады", – деді Мейірім Ердәулет.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →