Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта» «Таным» .
Бөлім: Тіл дамыту,көркем әдебиет,айналамен таныстыру.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге
елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру Сезімді ояту |
-Армысың,қайырымды аспан ата! -Армысың, мейірімді жер ана! -Армысың,шұғылалы алтын күнім! -Армысың,балабақша дос-жараным! -Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту. Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету. Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.
|
Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады. Барлығы тұрып әнұранды айтады. Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды. Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді. |
|
Ізденістер Ұйымдастыру. |
а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету. -Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет. ә)Сөздік жұмысы: Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес. Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз. -Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? -Елордасы қай қала? -Астана қандай қала -Алматы ше? б)Қазақстан,егемен,тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрату. в)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу. г) Президент мұражайынан көргендерін әңгімелеу. ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу: -Елін сүйген еңселім де, еркінім, Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім. Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан, Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын! |
Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады. Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады. Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан. Алматы –бас қала Астана- жас қала. Мұражайдан не көргендерін ортаға салады. Елбасының отбасы,өскен ортасы,туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді. Президент жайлы өлеңдер оқиды. |
|
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. |
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. «Халықтың ортақ үйі-Отаны.» «Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.» «Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау. |
Мақалдардың мағынасын түсіндіреді «Отан» әнін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет:Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.