"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тұңғыш Президент күнінде Астанада 30-ға жуық сәби дүние есігін ашты

Тұңғыш Президент күнінде Астанада 30-ға жуық сәби дүние есігін ашты
01 Желтоқсан 2018, 16:57 92 0

Астана, BAQ.KZ. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов № 2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді – Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын», - деді Бақыт Сұлтанов.

1 желтоқсанда таңертең № 2 қалалық көпбейінді ауруханада алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі – ұл, үшеуі – қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты. Жалпы бүгін елорданың перинаталдық орталықтарында 30-ға жуық сәби дүние есігін ашқан. Олардың көбі қыз балалар.

Мерекелік акция барысында жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр