Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұлғаға тағзым: Қазақ халқы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Тұлғаға тағзым: Қазақ халқы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында кеңес және қазақстандық кино мен театр өнерінің аңызға айналған тұлғасы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлы актерді соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әріптестері, шәкірттері мен өнерсүйер қауым болды.

Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ұзақ та жемісті шығармашылық жолында ол 30-дан астам фильмге түсіп, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 1963 жылдан бастап актер әрі режиссер ретінде қызмет атқарып, сахнада шамамен 50-ге жуық рөлді сомдады.

Асанәлі Әшімов – Шәкен Айманов дәуірінің соңғы аңызы еді. Ол қазақстандық кино тарихында өшпес, айрықша із қалдырды.

Қазақ халқы бұл күнде тек бір актерінен ғана емес, тұтас бір өнер дәуірінен айырылды…

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер