Lifestyle

Туған өлкем мақтанышым менім.

KZNEWS KZNEWS
Туған өлкем мақтанышым менім.

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Туған өлкем мақтанышым менім.

Автор: Сванкулова Эльмира Нурахметовна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-29

Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларға Туған өлкесін таныстырып,Алғашқы Президентімізді балалармен таныстырып Ән ұран айтып, Тудың суретін салғыздық.

Туған өлкем мақтанышым менің.Кулшат:Құрметті қонақтар,сүйікті балалар бүгінгі біздің ертенгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады.-Балалар,Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және Егеменді ел болды.Тәуелсіздік ата-баба арманыТәуелсіздік жеңіс елді шарладыҚұтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!Балалар:Әнұраным-жан ұраным,Айтар әнім-сөйлер сөзім,Туған жерім-сағынарым,Мәнгі бақи шырқалады, Республикам Әнұран.Әнұран Музыкасын жазған: (Ш.Қалдаяқов.) (сөзін жазған : Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

Эльмира:Рәміздерім елдігімнің белгісі,Білу керек бала дағы ең кіші.Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба,Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.Әль-ФарабиАйнымайды аспаннанБіздің Тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қояды.АйаруЕлтаңбасы елімнің Неткен көркем әдеміТұнығындай көңілдінОртада аспан әлемі.НурдаулетОтанымның гүлі көп,Өсіп,баулап, баптаған.Бақытты елдің ұлы боп,Жүргеніме мақтанам.Ән «Достық»Музыкасын жазған И.НүсіпбаевСөзін жазған Е.ЕлубаевКулшат:Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?Балалар жауаптары: -Отан дегеніміз елім,жерім,бауырым, табиғатым.Эльмира:Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.Тимур:Отанды біз атамекен,Деп аялап атаймыз.Өйткені оны мекен еткен,Бабамыз бен атамыз.

Айша:Отаным –өзегім сен, От алдым өзіңнен мен.Жаралдым топырағыңнан,Нәр алдым өзеніңнен.Тазша бала(атпен шауып кіреді)-Ассалаумағалейкум !Балалар: -Аман-есенсіз бе !Тазша бала:Балабақшаның жанынан шауып бара жатып,сендердіңәсем әндеріңді естіп әдейі бұрылдым.Тойларың құтты болсын !Қазақстан көркейе берсін!Мен Тазша баламын-Көңілді,сергек батылмын,Достықты қастерлеймін.Ойынды,биді ұнатамын.Күлшат:- Төрлетіңіз,біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз. (Құрметті қонақты отырғызады)Ақнұр: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу,неткен көркем ! Осы менің тұған өлкем.

Жасмин:Асқар,асқар тауым бар Қазыналы жерім бар Көгінен нұр төгілген. Қазақстан деген жерім бар.Тазша бала: Отан туралы,ел жайлы,кім мақал-мәтел біледі екен?Ұлжан :Отан –оттан да ыстық.Асылжан : Елі байдың-жері бай.Ақнұр : Тұған жердің күні де ыстық-үні де ыстықАдина:. Өзге елде Сұлтан болғанша Өз еліңде –ұлтан бол. Ән : «Біз өмірдің гүліміз» (сөзін жазған Ә .Дүйсенбиев) (Әнін жазған Б.Ғизатов)Тазша бала : Рахмет ,балалар! Сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліпрахаттанып қалдым.Бәрекелді ! Жарайсыңдар !Өлеңде де,мақал-мәтел дебіледі екенсіңдер. Еркелеткен төрінде, Елімізді сүйесіңдер Ата-баба қалдырған Байлығына иесіңдер!(Қоржынын ашып, сыйлықтарын таратады)Достарыма ашып құшағымдыТаратайын қоржынымдағы тағамымды.(Тазша бала балалармен қоштасып,атына мініп қайтады.)Эльмира :Балалар,біз енді тойымызды дастархан жайып,топтажалғастырайық.

Туған өлкем мақтанышым менің

Орындаған: Сванкулова Э.Н Тохтахун К.Т

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz