KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Транстандардан құрылған топ": Клубта ән салған трансгендерлер көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)

KZNEWS

Әйгілі Амилай бастаған трансгендерлердің ән айтқан видеосы желіде тарап, ол көпшіліктің ашуына тиді.

Бұл туралы Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоға қарайтын болсақ, трансгендерлер Лашын тобының «Жаса, қазақ елім» әнін шырқаған.

Трансгендер Амилай Instagram парақшасында өзінің жеке әнін осы клубта орындағанын көруге болады. Ол сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті клубқа шақырған.

Амилай жарнамалаған клуб көптеген трансгендерлерді арнайы қонақ ретінде шақыру арқылы танымал.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары