Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамптың баспасөз хатшысы Байден әкімшілігін айыптады: Қазақстанға 4,5 миллион доллар бөлінген

Трамптың баспасөз хатшысы Байден әкімшілігін айыптады: Қазақстанға 4,5 миллион доллар бөлінген

Ақ үй Джо Байден әкімшілігінің шығындары туралы мәліметтерді жариялады. Атап айтқанда, демократ командасы «Қазақстандағы жалған ақпаратпен күреске» қаражат бөлгенін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Брифинг барысында Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігін «ақымақтық» жасады деп айыптап, оның Гватемалада жыныс ауыстыруға екі миллион доллар жұмсағанын айтты.

Сонымен қатар, Байден басқарған АҚШ билігі Иракта жаңа «Сезам көшесі» шоуын жасауға және Қазақстанда «жалған ақпаратпен күреске» миллиондаған доллар бөлген.

«Иракта жаңа шоу жасауға 20 миллион доллар, ал Қазақстанда “жалған ақпаратпен күреске” 4,5 миллион доллар бөлінген. Сондай-ақ, Байден Мысырдағы “туризмді қаржыландыруға” алты миллион доллар бағыттаған», – деді Левитт.

Алайда Трамптың баспасөз хатшысы Қазақстанда нақты қандай жалған ақпаратпен күрес жүргізілгенін түсіндірмеді.

Автор
Данияр