АҚШ президенті Дональд Трамп жыл сайынғы «Альфальфа» кешінде Венесуэла Американың 53-ші штатына айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл кешке БАҚ өкілдері қатыспады. Шараға шамамен 200 адам шақырылған. Олардың әрқайсысына екі қонақ ертіп келуге рұқсат берілген. Олардың барлығы Capital Hilton қонақүйіне жиналды.
The Washington Post басылымы америкалық көшбасшының мұны «әзіл-қалжың» түрінде айтқанын атап өтті.
— Біз Гренландияға басып кірмейміз, оны сатып аламыз. Мен Гренландияны 51-штат етуді ешқашан мақсат еткен емеспін. Мен Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-ші, ал Венесуэла 53-ші болуы мүмкін, — деді Трамп.