Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп, Путин және Зеленский кездесуі мүмкін қалалар аталды

Трамп, Путин және Зеленский кездесуі мүмкін қалалар аталды

АҚШ билігі еуропалық дипломаттарды Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленский қатысатын үшжақты кездесуге дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Kznews.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Sky News дерегінше, талқыланып жатқан нұсқалардың арасында Рим (Ватикан), Женева, Будапешт пен Хельсинки бар. Италия премьері Джорджа Мелони Римді, ал Франция президенті Эммануэль Макрон Женева қаласын ұсынған. Зеленский мен Трамп Римге көбірек көңіл бөлген. Италия мен Швейцария сыртқы істер министрліктері де өз елдерінде кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Путин Трамппен келіссөзде қатаң талап қойған: Украина Донецк пен Луганскіден әскерін әкетіп, Херсон мен Запорожьедегі майданды "қатып қалдыруға" келісуі тиіс. 15 тамызда Аляскада өткен саммит үш сағатқа созылғанымен, нақты бір келісімге қол қойылмады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.