Саясат

Путин мен Зеленский алдағы күндері кездеседі – Ақүй

Путин мен Зеленский алдағы күндері кездеседі – Ақүй

Ресей президенті Владимир Путиннің кеше АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Зеленскиймен алдағы күндері кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан.  Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

NBC News басылымының мәліметінше, бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт 19 тамызкүні Ақүйдегі брифингте айтты.

“Путин кеше онымен тікелей сөйлесті, ал АҚШ президенті бұл туралы БАҚ-қа арналған мәлімдемесінде атап өтті. Себебі әңгімеден кейін сұрақтар туындайтынын түсінді. Бұл ашықтық үшін жасалды”, – деп түсіндірді Левитт.

Бір журналисттің сөзінше, Кремль әзірге Путин мен Зеленскийдің кездесуіне нақты келісім бермеген.

“Нық сеніммен айта аламын, АҚШ үкіметі мен Трамп әкімшілігі бұл екіжақты кездесу өтуі үшін Ресеймен және Украинамен жұмыс істеп жатыр”, – деді Каролин Левитт.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайындық басталғанын айтқан еді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz