Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Владимир Путин Пасхаға байланысты уақытша бітім жариялады: Зеленский оған келісті

Владимир Путин Пасхаға байланысты уақытша бітім жариялады: Зеленский оған келісті
Фото: REUTERS / Stringer/Украиналық әскерилер

Ресей президенті Владимир Путин православиялық Пасха мерекесінің жақындауына байланысты соғысты уақытша тоқтатып, бітім жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресей Федерациясы президентінің шешіміне сәйкес, бітімгершілік 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір аяғына дейін жалғасады.

“Ресей Қорғаныс министрі және Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы осы кезеңде барлық бағыттар бойынша әскери әрекеттерді тоқтатсын”, – деп тапсырды Путин.

Сондай-ақ әскерге қарсы тараптың ықтимал арандатушылық әрекеті мен кез келген агрессиясының жолын кесуге дайын болу тапсырылды.

"Украина тарапы Ресей Федерациясының бұл әрекетіне сай әрекет жасайды деп санаймыз” – делінген құжатта.

Кейін Владимир Зеленский де жарияланған бітімге қатысты жауап берді. 

“Украина Ресейдің барлық әрекетін айна қатесіз қайталауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Биыл біз Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз. Пасха қауіп-қатерсіз және бейбітшілікте өту керек. Пасхадан кейін де Ресейдің шабуылды бастамауға мүмкіндігі бар”, – деп мәлімдеді Зеленский. 

Бұған дейін Дональд Трамп Путинге қарағанда "Зеленскиймен келісімге келу әлдеқайда қиын" екенін айтқан еді. 

"Зеленскийдің келісімге келгісі келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге айтыңдар, келісімге барсын, өйткені Путин келісімге баруға дайын", – деді Трамп. 

Ресей Донбасс аумағынан украин әскерін толық шығаруды талап етіп келеді, ал Украина мұны қабылдауға болмайды деп санайды. АҚШ, Ресей және Украина қатысуы тиіс үшжақты бейбіт келіссөздер Таяу Шығыстағы жаңа соғысқа байланысты кейінге қалдырылды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.