Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: Ресей бітім жариялауға дайын

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: Ресей бітім жариялауға дайын
Фото: ашық деркккөзден

Ресей Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресей президенті Жеңіс күніне орай бітім жариялағысы келетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz Кремльге сілтеме жасап.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков әңгіме Ресей тарапының бастамасымен өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің президенті бір жарым сағаттан астам уақыт сөйлескен.

"Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күні мерекесіне орай уақытша бітім жариялауға дайын екенін айтты. Дональд Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдады", – деді Юрий Ушаков.

Ал Дональд Трамп Reuters агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путинмен әңгіме барысында Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігін талқылағанын айтқан. Сондай-ақ ол бұл нәрсе Путиннің қолынан келетінін атап өтті.

Трамп Путинмен арадағы әңгімеге “жақсы” деген баға берді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.