"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп пен Путин Осакада келіссөз жүргізді

Трамп пен Путин Осакада келіссөз жүргізді

28 маусымда Осакада (Жапония) АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Бір жарым сағатқа созылған кездесу «Үлкен жиырмалық» саммиті басталмай тұрып өтті.

Трамп пен Путин Иран, Украина, Сирия және Венесуэладағы жағдайды сөз етіп, АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесін талқылаған.

Кездесудің алдында Путин мен Трамп саммит қатысушыларымен фотоға түсу рәсіміне қатысып, журналистер сұрағына жауап берді. Трамп кездесу алдында Путинмен сауда және қарусыздану мәселелерін сөз ететінін айтқан. Ал Путин «Осакадағы кездесу – Хельсинки саммитінде басталған келіссөзді жалғастырудың жақсы мүмкіндігі» деді.

Кездесуден шыққан соң Трамп «бұл кездесу – бәріміз үшін жақсы бастама» деп бағалады.

Трамп пен Путин 2017 жылы қаңтарда Германияның Гамбург қаласында өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінде, 2017 жылы қарашада Вьетнамдағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде де жолыққан. Бірақ бұл екі саммитте президенттер жеке отырып сөйлеспеген.

Кейін Трамп пен Путин 2018 жылы Швеция астанасы Хельсинкиде кездесіп, келіссөздер жүргізген.


Azattyq
Автор
Әлихан