KZNEWS.KZ
Әлем

Трамп Ормуз бұғазын өзінің есімімен атап, елді шулатты (ВИДЕО)

• Қайсар Қанат
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Майамиде өткен форумдағы сөзінде Иран бұғаттаған Ормуз бұғазын әзіл ретінде өз есімімен атады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Олар Трамп бұғазын ашуға мәжбүр болады. Яғни, Ормуз бұғазын. Кешіріңіз, кешірім сұраймын. Қандай қорқынышты қателік", – деді ол.

Сонымен қатар Трамп бұл сөзін жалғастырып:

"Жалған жаңалықтар оны жаңылыс айтты деп жазады. Бірақ жоқ – менде кездейсоқтық болмайды. Мүлдем болмайды", – деп әзілмен пікір білдірді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →