Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Иранмен келісімге келсе, Ормуз бұғазынан өтетін әр кемеден 1 млн доллар төлем алуы мүмкін

Трамп Иранмен келісімге келсе, Ормуз бұғазынан өтетін әр кемеден 1 млн доллар төлем алуы мүмкін
Фото © John McDonnell / AP / ТАСС

Дональд Трамп Ирандағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді өз пайдасына бұрып, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысына салық салуы мүмкін. Трамптың айтуынша, АҚШ пен Иран бұғаздан түсетін табысқа бірге қол жеткізсе, «тамаша» болар еді деп атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.

Анонимді аймақтық шенеунік Associated Press агенттігіне хабарлағандай, Иран бұғаздан өтетін кемелерден миллион долларға дейін салық алуды жоспарлап отыр. Басқа деректерге қарағанда, Иран мен Оман салық енгізу мәселелерін қазірден үйлестіріп жатыр. Associated Press мәліметінше, түсетін барлық қаражатты елді соғыстан кейін қалпына келтіруге бағыттауды жоспарлап отыр, бұл көпжылдық халықаралық келісім бойынша кемелердің тегін өтуін іс жүзінде аяқтайды.

Сонымен қатар, Трамп болашақ салықтардан да пайда табу мүмкіндігін меңзеді, әрі Ормуз бұғазы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында Иранмен ынтымақтастық маңызды екенін айтты. ABC арнасына берген сұхбатында ол:

«Біз бірлескен кәсіпорын құруды ойлап отырмыз. Бұл бұғаздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілі — әрі оны басқа көптеген адамдардан қорғау жолы. Бұл тамаша», — деді.

Бірнеше сағат бұрын Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұғазды ирандық әскерилер бақылап, бұл жақын арада жаңа дипломатиялық дауға себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

АҚШ президенті атысты тоқтату туралы шешімді соңғы сәтте жариялады.  Бұған дейін ол «қоғамды жойып жіберетін» ауқымды жарылыс қаупі туралы айтқан еді. Трамп Truth Social желісінде былай жазды:

«Пакистан премьер-министрі Шехбаз Шариф және фельдмаршал Асым Мунирмен сөйлескеннен кейін олар мені бүгін кешке Иранға бағытталған қиратып жіберетін әрекеттерді тоқтатуға шақырды және Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын ТОЛЫҚ, ЖЕДЕЛ және ҚАУІПСІЗ ашуға келіссе, мен бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтатуға дайынмын».

Трамп атап өткендей:

«Бұл екіжақты атысты тоқтату болады! Себебі біз әскери мақсаттарға жеттік әрі одан аспы түстік, бірақ Иранмен ұзақ мерзімді бейбіт келісімге және Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікке әлі жеткен жоқпыз. Біз Ираннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алдық және оны келіссөздер үшін қабылдауға болатын негіз деп санаймыз. Бұрынғы даулы мәселелердің басым бөлігі АҚШ пен Иран арасында келісілді, ал екі апталық кезең келісімді толық аяқтап бекітуге мүмкіндік береді».

Дегенмен атысты тоқтату туралы келісімде Иранның ядролық бағдарламасындағы өзгерістердің бар-жоғы әзірге белгісіз. Трамптың сөзінше, Иран қазып алынған байытылған уранды шығарып жіберуге келісті, алайда Тегеран бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен қатар, атысты тоқтату жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Парсы шығанағы елдері жаңа ирандық шабуылдар туралы хабарлады. Бахрейн, Израиль, Кувейт, Сауд Арабиясы және БАӘ ракеталар жақындап келе жатқанын ескерткен.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер