KZNEWS.KZ
Әлем

Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Дональд Трамп Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық ашпаса, елдің электр станцияларын «жойып жіберетінін» мәлімдеді. АҚШ президенті бұны өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
– Егер Иран қауіп-қатерлерден бас тартып, Ормуз бұғазын осы сәттен бастап 48 сағат ішінде толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың түрлі электр станцияларын ең үлкенінен бастап жояды, — деп жазды Трамп өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында.

Бұған дейін ол осы платформада АҚШ «Иранды картадан өшірді» деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Трамп Иран бойынша мақсаттарына жете алмады деген болжамдарды жоққа шығарды.

– Иә, жеттік, тіпті жоспарланған мерзімнен бірнеше апта бұрын. Олардың басшылығының көзін құрттық, әскери-теңіз күштері мен әуе күштері күйреді, қорғанысы мүлде жоқ, енді олар келісім жасағысы келеді. Ал мен — жоқ, — деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Truth Social платформасындағы парақшасында «Американы құтқару» заңын қабылдауға шақырды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →