АҚШ президенті Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат мерзім белгіледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Әйтпеген жағдайда АҚШ қарулы күштері бірқатар нысандарға соққы беруі мүмкін екенін ескертті.
Трамптың айтуынша, егер бұғаз екі күн ішінде толық әрі қауіпсіз түрде кеме қатынасына ашылмаса, АҚШ Ирандағы бірнеше электр станциясын жоюға қабілетті.
"Егер Иран Ормуз бұғазы арқылы толық және қауіпсіз өтуді қамтамасыз етпесе, АҚШ ең ірі станциядан бастап бірнеше электр нысандарына соққы жасайды", – деп жазды ол.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін халықаралық коалиция құруды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.