Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Ормуз бұғазын «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп атады

Трамп Ормуз бұғазын «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп атады
Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 қыркүйекте өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазы АҚШ аумағы ретінде көрсетілген суретті жариялады. Бұл туралы News.am және APA порталдары жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған суретте Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайтын Ормуз бұғазы шеңбермен белгіленген. Картаның үстінде «NEW U.S. Territory» («АҚШ-тың жаңа аумағы») деген жазу бар.

Трамп бұған дейін де Ормуз бұғазын АҚШ бақылауына алу туралы мәлімдемелер жасаған. 18 тамызда ол бұғазды «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп көрсетілген картаны алғаш жариялаған болатын. Forbes мәліметінше, сол кезде Трамп бұғазға қатысты АҚШ егемендігін орнату идеясын бірнеше рет айтқан.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» (Trump Strait) деп қайта атауды да ұсынған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі