Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Иранға 48 сағат ішінде талап қойды: Тегеран Ақ үйге қатаң жауап берді

Трамп Иранға 48 сағат ішінде талап қойды: Тегеран Ақ үйге қатаң жауап берді
depositphotos.com

Иран билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың қойған талабына жауап берді. Бұл туралы kznews.kz DW-ге сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Трамп Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын ашуы тиіс екенін мәлімдеген. Әйтпесе, Ақ үй басшысы елдің энергетикалық нысандарын жоямын деп қорқытты.

Иран парламентінің төрағасы Мохаммад-Багер Галибаф егер елдегі электр станцияларына шабуыл жасалса, өңірдегі энергетикалық және мұнай инфрақұрылымына дереу жауап ретінде соққылар жасалатынын айтты.

«Өңірдегі барлық маңызды, сондай-ақ энергетикалық және мұнай инфрақұрылымы заңды нысанаға айналады. Олар қайтымсыз жойылады, ал мұнай бағасы ұзақ уақыт бойы өсе береді», – деп жазды Галибаф Х әлеуметтік желісінде жексенбіде.

Ислам революциясы сақшылар корпусы өкілдері де АҚШ талаптарына жауап ретінде Иранның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасалса, АҚШ пен оның одақтастарының өңірдегі энергетикалық, ІТ және тұщыландыру нысандары нысанаға алынатынын мәлімдеді.

Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы Трамптың мәлімдемесіне жауап ретінде Ормуз бұғазын толық жабатынын ескертті.

«Егер АҚШ Иранның электр станцияларына қатысты өз қоқан-лоққысын жүзеге асырса, Ормуз бұғазы толық жабылады және біздің қираған электр станцияларымыз қалпына келтірілгенге дейін ашылмайды», – делінген мәлімдемеде.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдегі мұнай мен сұйытылған газ тасымалының шамамен 20 пайызы өтеді. Ол АҚШ пен Израильге қарсы соғыс басталғаннан кейін Иран әскері тарапынан іс жүзінде бұғатталған. Иран сондай-ақ Парсы шығанағындағы бірқатар елдердің мұнай нысандарына және мұнай танкерлеріне соққы жасап жатыр, бұл әлемде энергия тасымалдаушылар бағасының күрт өсуіне әкелді.

Даллас федералдық резерв банкі есебінше, егер Ормуз бұғазының блокадасы маусым айының соңына дейін жалғасса, әлемдік экономикалық өсім екінші тоқсанда жылдық есеппен 2,9 пайыздық тармаққа төмендейді. Ал сарапшылардың болжамынша, егер бұғаз жыл бойы үш тоқсан жабық болса, жыл соңына қарай мұнай бағасы барреліне 132 долларға дейін жетуі мүмкін.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі