KZNews.kz
Әлем

Трамп Ақ үйде Әлиев пен Пашинянды қабылдайды

Torgyn Abushakhman

Екі ел арасында бейбіт келісім орнауы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қабылдайды, деп хабарлайды Kznews.kz

The Washington Post деректеріне сүйенсек, кездесу барысында екі ел арасында бейбітшілік келісімі жариялануы мүмкін. Журналистер бұл қадамды Трамптың халықаралық қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған кезекті әрекеті ретінде бағалап отыр.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы шілде айында Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян Абу-Дабиде келіссөздер жүргізген болатын. Сол кезде Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұл тікелей диалогты Мәскеудің құптайтынын мәлімдеген еді.

Әзербайжан мен Армения арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін тараптардың АҚШ-та – маңызды саяси қадам. Көп сарапшы бұл келіссөздердің оң нәтиже беруі Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылық пен бейбітшілікке жол ашуы мүмкін екенін айтып жатыр.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары