Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Трагедия криминалмен байланысты": Елге белгілі экстрасенс Атыраудағы отбасы туралы сұмдықты айтты (ФОТО)

"Трагедия криминалмен байланысты": Елге белгілі экстрасенс Атыраудағы отбасы туралы сұмдықты айтты (ФОТО)
Alash.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының тағдырына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Alash.kz сайтының жазуынша, аталған жағдайға байланысты танымал экстрасенс Камран Самедов өз болжамын айтқан. Алайда оның мәлімдемесі отбасының жақындары мен жұртшылықты алаңдатпай қоймаған.

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында экстрасенстің жоғалған отбасы мүшелеріне қатысты айтқан жайттарымен бөлісті. Оның сөзінше, берілген ақпараттың мазмұны тым ауыр болғандықтан, толық нұсқасын жариялау мүмкін болмаған.

Журналист болжамның үміт сыйламайтынын да атап өтті.

"Экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты жағымды ештеңе айтпады. Ақпараттың өзі тым үрейлі, оны ашық айтуға дәтім бармайды", – деп жазды ол.

Кейінірек көріпкелдің өзі тараптар арасындағы хат алмасудың скриншоттарын жариялап, онда отбасы мүшелерінің өмірде жоқ екені айтылғаны көрсетілген.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ресми іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тергеуге қатысты нақты ақпарат тек ресми дереккөздер арқылы ғана таратылатынын тағы да ескертті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер