Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тағы бір алаңдатарлық ақпарат тарады. Бұл жолы танымал экстрасенс Камран Самедов аталған оқиғаға байланысты өз болжамын білдірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында экстрасенстің көрген-білгені үміт сыйламайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Камран Самедовтің болжамы өте ауыр әрі қорқынышты болғандықтан, толық мазмұны көпшілікке жария етілмеген.

"Экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты жағымды ештеңе айтпады. Ақпараттың өзі тым үрейлі, оны ашық айтуға дәтім бармайды", – деп жазды журналист.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты ресми іздестіру және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тергеу барысы жөніндегі нақты мәліметтер тек ресми дереккөздер арқылы хабарланатынын ескертті.