KZNews.kz
Спорт

Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

Torgyn Abushakhman
Фото: ҚР ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды.
Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған. ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді. Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.

Еске сала кетсек, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларымыздың дайындығы жөнінде баяндады.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары