Ресейдің тіл саясаты өзгерді: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сәрсемәлиев соттағы әрекетімен жұртты шошытты

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сәрсемәлиев соттағы әрекетімен жұртты шошытты
Фото: tengrinews.kz

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиев сот отырысында жәбірленуші тарап сөйлеп жатқанда күліп отырғаны жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот барысында судья оның әрекетіне ескерту жасап:

«Сәрсемәлиев, бір нәрсе күлкілі болып отыр ма сізге? Күлкіңізді жия алмай отырсыз ғой», – деп тәртіпке шақырды.

Бұл жайтты журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының ата-анасын, ағасы мен қарындасын өлтірді деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар айыпталушыға алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау және бөтеннің құжаттарын заңсыз иелену баптары бойынша да айып тағылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.