Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке тағылған айып ауырлай түсті

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке тағылған айып ауырлай түсті
Фото: politico.kz

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында төрт адамды өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиев ісі бойынша айыптау актісінің жаңа редакциясы жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекеттік айыптаушылардың мәліметінше, тергеу бірнеше эпизодтың құқықтық саралануын қайта қарап, бірқатар айыпты ауырлатқан. Атап айтқанда, бұрынғы қайын атасы мен қайын енесін өлтіру әрекеті бұған дейін жасалған қылмысты – бұрынғы қайын інісінің өлімін жасыру мақсатында жасалды деген қосымша саралау белгісімен толықтырылған.

Сондай-ақ бұрынғы балдызын өлтіру эпизоды бойынша да айып күшейтілді. Тергеу дерегіне сәйкес, жәбірленуші психикалық ауруға шалдыққан, мүгедектігі болған және өзін қорғай алмайтын дәрменсіз жағдайда болған.

Бұдан бөлек, қаза тапқан туыстарының атына рәсімделген мүгедектік жәрдемақысы мен зейнетақы төлемдерін заңсыз алу әрекеті ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жасалған интернет-алаяқтық ретінде қайта сараланған. Ал малды сату дерегі алаяқтық емес, мал ұрлау бабы бойынша қаралатын болды.

Жаңа айыптау актісінен бұған дейін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде көрсетілген кінәні мойындау, өкіну және сотталушының кәмелетке толмаған бес баласының болуы алып тасталған.

Келесі сот отырысы 7 шілдеге белгіленді. Онда Сұлтан Сәрсемәлиев өзіне тағылған жаңартылған айыптарды мойындайтынын немесе мойындамайтынын мәлімдейді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.