БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысындағы қанды оқиға: Сәрсемәлиев үш адамды әдейі, біреуін абайсызда өлтіргенін айтты

Атырау облысындағы қанды оқиға: Сәрсемәлиев үш адамды әдейі, біреуін абайсызда өлтіргенін айтты
Фото: Ақ Жайық

Бүгін Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Жангелдин ауылындағы отбасыға қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды kznews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Сот барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтты. Айтуынша, өлім абайсызда болған және өзі қорғану мақсатында әрекет еткен.

Ал қалған эпизодтар бойынша айыпталушы басқа жауап берді. Сәрсемәлиев Мақсот Қарабалинге әдейі тоғыз рет пышақ жарақатын салғанын, Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын мойындады.

Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз алып қою баптары бойынша да кінәсін мойындады. Айыпталушының сөзінше, қылмыстан кейін ізін жасыру үшін осы әрекеттерге барған.

Осылайша, Сәрсемәлиев өзіне тағылған 13 айыптың ішінде тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизод бойынша ғана қасақана әрекет жасағанын мойындамай отыр.

Еске салайық, Жангелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі Атырау облысында үлкен қоғамдық резонанс тудырған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы әйелінің туыстары болған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі