"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Төреғали Төреәлінің қызы арманын айтып, елдің жүрегін елжіретті

Төреғали Төреәлінің қызы арманын айтып, елдің жүрегін елжіретті
kznews.kz коллажы

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ерекше қызы Кәусардың жан дүниесіне үңілтетін жаңа рубрика басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтуынша, жаңа айдар Төреғали Төреәлі мен жұбайының тұңғыш қызына арналады. Ол бұл бастаманы Кәусардың күнделігінен рубрика: Бақыттың кілті деп таныстырған.

Кәусардың күнделігіне жазған армандары көптің жүрегін елжіретіп, оқырманды ойға қалдырды:

"Мен үшін бақыттың кілті-12 мүшемнің сау болуы, өз қолыммен тамақтану. Мама-папама машина, үй алып беру, тұрмысқа шығу, өз үйімде тамақ жасау, өз үйімде демалып жату. Алладан осы нәрселерді сұраймын. Өз орнымнан тұрып кетсем екен, үлкен үйім болса екен, өзім айнаға қарап отырып боянсам екен. Күйеуге шығып, ата-енеме қызмет жасағым келеді. Балаларым жүгіріп жүрсе деймін.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, қолдау білдіріп жатыр. Пікір қалдырғандар «Періштенің тілегі қабыл болсын», «керемет жеткізеді екен ойын», «түсінген адамға бір сілкіп алатын дүние! Қолда барда қадірі жоқ деген» және «баланың барлық арманы орындалсын» деп жазған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер