«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдғы түнгі клубта жартылай жалаңаш әнші аузына келгенін айтып, елдің мазасын алды

Алматыдғы түнгі клубта жартылай жалаңаш әнші аузына келгенін айтып, елдің мазасын алды
ЖИ

Алматыдағы клубтардың бірінде жартылай жалаңаш күйде әдепсіз әрекет жасап, былапыт сөздер айтқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған.

– Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өзін әнші ретінде таныстырған азаматтың ойын-сауық мекемесінде жартылай жалаңаш күйде әдепсіз әрекеттер жасап, былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Сонымен қатар ол өз әрекетін бейнежазбаға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған, – делінген ведомство хабарламасында.

Полиция мәліметіне сәйкес, құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша хаттама толтырылған.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің қоғамға ашық құрметсіздік таныту екенін атап өтті.

– Эпатаж, арандатушылық және құқықтық тәртіпті әдейі бұзу арқылы назар аударуға бағытталған кез келген әрекетке қатаң құқықтық баға беріледі. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты өзгермейді: заңға қайшы кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады, – деді тәртіп сақшылары.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.