Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Төреғали Төреәлінің әулетінде үлкен қуаныш орын алды

Төреғали Төреәлінің әулетінде үлкен қуаныш орын алды
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жолы Төреәлі әулетінде тағы бір шаттықты сәт орын алып, Дина Төреәлінің отбасында қыз бала дүниеге келді. Жас ана бұл қуанышын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жаңа туған сәбиіне арнаған жүрекжарды сөзін жазды.

«Қош келдің, қызым», – деп жазды Дина Төреәлі.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас анаға ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандар: «Құтты болсын, бауы берік болсын!», «Бөріктіден кейін Көрікті, құтты болсын!», «Ата-анасының қуанышы болсын!» деп ізгі ниеттерін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін екі ұл тәрбиелеп отырған Дина Төреәлі перзентханадан түсірілген әсерлі суреттерін де жариялап, оқырмандарына қуанышын бірге бөлісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.