KZNews.kz
Шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі Малика Мұхитованы кешіруге шақырды - новости Казахстана

KZNEWS

Әнші Төреғали Төреәлі Ескендір Сүлейменовтың өліміне кінәлі деп танылып, екі жылға сотталған бойжеткенді кешіруге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде желдей есіп тұрған, абайсызда болған жағдайға байланысты ой білдірейін деп шештім. Қара нардың қабырғасын қайыстырып, қыраны қыршын кеткен ардақты Олжас ағамыздың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Тас түскен жеріне ауыр, бізге де жеңіл тиіп тұрған жоқ. Бауырымыздың бақилық болуы Алланың ісі деп білемін. Сол жағдайға Малика қызымыздың тап келіп қалғаны тағдыр!
"Алдыңа келсе атаңнын құнын кеш" дейтін кешірімді xалық емеспе ек?! Әдейілеп қолымен жасалмаса да, мойынымен көтеріп тұрған осы қыздың болашағына алаңдаймын. Қазақтың әр ұлы бауырым, әр қызы әпке-қарындасым! Сондықтан қаракөздерімізді жәутеңдетіп, тағдырына тосқауыл болмайықшы! Ешкім де, ештеңе де мәңгі емес қой! Біз кім болсақ та, кімнің баласы болсақ та, бәріміз Алланың алдында бірдейміз! Дәрменсіз де, пәрменсіз де мына біз! Бұл тағдыр!
Ешқайсысымыз өз тағдырымызда не күтіп тұрғанын білмейміз! Сондықтан Алладан келген жарлықпен, әр сынаққа сабырмен қарап Маликаны қолдап, кешіру де өз қолдарыңызда тұр ағайын! Баршаңызды бір болуға шақырамын!" , - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

KZNEWS
Автордың басқа материалдары