Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төреғали әйеліне ешкімде жоқ сыйлық жасады

Төреғали әйеліне ешкімде жоқ сыйлық жасады
Төреғали Төреәлі 5 баласының анасы, жұбайы Толқынның туған күніне алғаш рет сый жасағанын айтып, елді таңғалдырды. Ол ерекше сыйды жарының мерейлі жасына дайындаған.

"Толқынды біз Алладан сұрап алғанбыз. Кішкентай кезімде әкем гәстрөлде жүретін, анамның қасында қалатын едім. Періштенің тілегі қабыл болады деп, анамның әкесі жазып берген 3-4 сүресі бар етін. Соны оқып болып: "Алладан маған адал келін, өзіңе жар сұра", - дейтін. Бір Қадыр түнінде анамның аяғын уқалап отырып, соны тіледік. Бір күні үйленетін кез келді. Сөйтсем Толқын да "сен сияқты Қадыр түні тілегенбіз" дейді", - деп ағынан жарылды Төреғали.

Сондай-ақ, ол көпшіліктің алдында жұбайына деген сыйын тарту етті.

"Енді мен осы уақытқа дейін Толқынның туған күніне ешқандай сыйлық бермейтінмін. Осы жолы 30 жасына арнайы дайындадым", - деп бөлісті әнші.

Ол Толқынға Tiffany брендінен әшекей жиынтығын тарту етті.

Автор
Айбар