Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқтар Серік бала тәрбиесіндегі басты қағидасын айтты

Тоқтар Серік бала тәрбиесіндегі басты қағидасын айтты
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Тоқтар Серік отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі қазіргі заманның түрлі қауіп-қатеріне алаңдайтынын айтып, ата-ана ретінде балаларын үнемі бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Өйткені қорқамын – бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе табылып қалса ше? Қазір заман күрделі, баланы бақылау – ата-ананың басты міндеті", – деді әнші.

Сонымен қатар Тоқтар Серік балаларын бөгде адамдардан ештеңе алмауға және интернеттегі қауіптерден сақ болуға үнемі ескертіп отыратынын атап өтті. Әншінің жары Бейбіт Сейдуалиева де бұл тәрбие тәсілін толық қолдайтынын айтты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер