Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқтар Серік әнші Мейрамбек Беспаевпен достығы туралы ашық айтты

Тоқтар Серік әнші Мейрамбек Беспаевпен достығы туралы ашық айтты
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Тоқтар Серік жақын достары Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиевпен құдандалы болуға қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Мейрамбек Беспаевты ол жай ғана дос емес, туған бауырындай көреді. Сондықтан болашақта балалары жарасып, құда болып жатса, оған психологиялық тұрғыда ауыр болуы мүмкін екенін әзіл-шыны аралас жеткізді.

"Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Онымен егіздей болып өстім. Ертең балаларымыз жарасып, оның қызы мен менің ұлым құда боламыз десе, үлкен депрессияға түсіп қалуым мүмкін", – деді Тоқтар Серік.

Әнші достарының балалары да өзіне бөтен емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, жылдар бойғы қарым-қатынас олардың арасын туыстық деңгейге жеткізген.

Сондай-ақ Тоқтар Серік Сәкен Майғазиевпен де бала кезден бірге келе жатқанын айтты. Егер болашақта балаларының арасында сезім пайда болса, әрине қуанатынын, алайда достыққа сызат түсуінен қауіптенетінін жеткізді.

"Достарым мен үшін ет жақынымдай болып кеткен. Олар үшін отқа да түсуге, суға да батуға дайынмын. Бірақ құда болғанда болмашы нәрсеге өкпелеп қалуымыз мүмкін. Сондықтан достарыммен дос болып қалғым келеді", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер