Белгілі әнші Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты өз ұстанымын бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, қазіргі заманда ата-ананың жауапкершілігі бұрынғыдан да күшейген, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші балаларының күнделікті жүріс-тұрысы мен әдеттерін үнемі назарда ұстауға тырысатынын айтты. Оның сөзінше, бұл балаларға сенбеу емес, керісінше оларды түрлі қауіптен қорғаудың бір жолы.
"Балаларымның қалтасын жиі тексеремін. Себебі қорқамын. Бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе шығып қалса ше? Қазір заман оңай емес. Баланы бақылау – әр ата-ананың басты міндеті", – деді Тоқтар Серік.
Сонымен қатар өнер иесі балаларына бөтен адамдардан ештеңе алмауды, көшеде де, интернет кеңістігінде де абай болуды жиі ескертетінін жеткізді. Оның пікірінше, бүгінгі күні бала тәрбиесі тек ақыл-кеңес айтумен шектелмейді, тұрақты көңіл бөлу мен бақылауды да қажет етеді.
Тоқтар Серіктің жары Бейбіт Сейдуалиева да күйеуінің бұл пікірін қолдайтынын айтты.